Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан президенті С. Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы жас президентті сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен де телефон арқылы сөйлесіп, оның бауырлас екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.