Хабар телеарнасы

ҚР Президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Бұған дейін ол Ішкі істер министрі лауазымында қызмет атқарған болатын.

Ал, Ішкі істер министрі болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Ол осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарғаны белгілі.

Марат Ахметжановтың орнына, яғни Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Олжас Бектенов тағайындалды. Бұған дейін ол осы ведомствоның бірінші орынбасары лауазымында болған.