Хабар телеарнасы

Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы саяси ұйымның хабарламасында айтылған. Естеріңізге сала кетейік, партияның кезектен тыс съезінде Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарап, оңтайландыру жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес партия төрағасының бірінші орынбасары қызметі қысқарып, Бауыржан Байбек орнын босатқан еді.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Жас болса да бірнеше оқу орнын тамамдап, лауазымды қызметтерді де атқарып үлгерген. Енді оның алдында партия жұмысын жандандырып, Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру тұр.