Хабар телеарнасы

Айдос Сарым: лаңкестердің шабуылынан құтылар жол – ел бірлігін сақтап, Президентті қолдауымыз керек

Басты мақсат – тығырықтан шығу. Елде болған жағдайдан бәріміз сабақ алуға тиіспіз. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, лаңкестердің шабуылынан құтылар жол біреу, ол – ел болып бірігіп, Президенттің үндеуіне құлақ асу.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз ел болып, ұлт болып, халық болып еліміздегі ең мықты және ең сенімді күш Президентті қолдауымыз керек. Соның айналасына бірігуіміз міндет. Бізде асқан таңдау жоқ. Екіншіден, менің ойымша, бүгінгі күні біз ел болып, ұлт болып көптеген мәселе бойынша өзіміздің жағдайымызды ойлауымыз керек.