Хабар телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізілді

Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізілді

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында 2022 жылғы 5 қаңтарда 16 сағат 00 минуттан 2022 жылғы 19 қаңтарда 00 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілсін» – делінген Тоқаевтың қаулысында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Алматы облысының коменданты ретінде облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдай тек Алматы шаһарында ғана болған еді. Енді Алматы, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді. Атап айтсақ, өңірлерге кіріп-шығу шектеледі. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін комменданттық сағат болып жарияланады. Бұл уақытта жаяу және көлікпен жүруге шектеу қойылады. Аталған өңірлерде той және өзге де бұқаралық шаралар өткізуге, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, улы заттарды сатуға болмайды. Ереуілдерге және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатудың басқа әдістеріне тыйым салынады. Сондай-ақ дәрі мен ішімдік айналымының ерекше режимі белгіленеді. Осы және өзге де шектеудің барлығы төтенше жағдай аяқталғанша қаңтардың 19-на дейін жалғасады.