Хабар телеарнасы

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бұл кандидатураны бірауыздан қолдады. Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов Жетісу жерін жеті жыл басқарған Амандық Баталовқа ұзақ жыл бойы атқарған қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа әкімнің қызметіне табыс тіледі.

Ерлан Қошанов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы:

- Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысы әкімі қызметінен босады. Ол бұл өңірді 7 жылдан астам уақыт басқарды. Осы аралықта облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Амандық Баталов алға қойылған барлық міндетті абыроймен атқарып шықты. Көптеген ірі жоба іске асты. Елдің әл-ауқаты жақсарды. Өңірдің дамуына үлкен серпіліс әкелді. Оны өздеріңіз де білесіздер.  Мемлекет басшысы Амандық Ғаббасұлының қызметін өте жоғары бағалап отыр. Алғыс білдіруді маған тапсырған болатын.