Хабар телеарнасы

Елбасы Серік Қирабаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

«Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлес қосқан ірі ғалым болды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды», – делінген жеделхатта.