Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтылды. Егер инвесторлармен арадағы келісім шала жүргізілсе, салдарынан аталған жобалар жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені қатаң қадағалауда ұстап, оған жол бермеуді тапсырды. Күн тәртібінде жалпы төрт мәселе қарастырылды. Олар ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету және аумақтық даму жоспарының жобасы жасау. Президент аталған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді.