Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Президент банкті «Қазақстанның стратегиялық серіктесі» деп атап, жаңартылатын қуат көздері мен агроөнеркәсіп кешені бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері сіздің банк біздің экономикамызға 8 миллиард еуродан астам инвестиция салып, 300-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Жалпы банктің әртүрлі салаларды, әсіресе жаңартылатын қуат көздері секторын белсенді қаржыландырғанын білеміз. Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені бағытындағы жобаларды да жүзеге асыру аса маңызды.