18:30Әрі қарай: «Dimash Show. Энергия»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

Президент Душанбеде 2 күн маңызды жиындарға қатысады.

Соның бірі – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі сессиясы. Оның барысында Ауғанстанның қазіргі ахуалы талқыланады. Өңірлік тұрақтылыққа қатысты өзекті мәселелер де қозғалады. Ал келесі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда Иран Ислам Республикасын мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданады.

Ұшақтан түскен бойда Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл екі ел басшыларының биылдыққа алғашқы жүздесуі емес. Бұған дейін мамырда Президент Душанбеге ресми сапармен барған болатын. Бұл жолы тараптар 16-17 қыркүйек күні өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне дайындықты пысықтады. Екі ел арасындағы ынтымақтастық та сөз болды. Былтыр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы пандемияға қарамастан 900 млн доллар болды.  Мәдени-гуманитарлық бағытта тығыз ынтымақтастық орнаған. Әсіресе қауіпсіздік саласындағы байланысты ерекшге атап өту керек.

Сондай-ақ...