Хабар телеарнасы

Елімізде 2 трлн 800 млрд теңгелік жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топ ұсталды

Ол Мемлекет басшысына «көлеңкелі» экономикамен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндады. Айтуынша, жасырын жұмыс істеген 10 цехтың қызметі тоқтатылып, есепте жоқ 800 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сондай-ақ 96 заңсыз ойын мекемесі жойылып, заңсыз айналымнан 1 мың 200-ден астам ойын автоматы, терминал мен покер үстелі алынған. Мұнай және мұнай өнімдері бойынша 40 заңсыз айналым дерегі анықталды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің «көлеңкелі сектордан» шығуын көздейтін «Айқын экономика» Ұлттық жобасын іске қосу бастамасын қолдады. Президент Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.