Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бұдан соң бауырлас қырғыз халқының өркендеуі мен игілігі жолындағы жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында бірлесіп, белсенді жұмыс істеуге дайын екенін растады. Садыр Жапаров Қазақстан Президентінің ізгі тілегіне алғыс айтып, қызметке кірісуіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын жолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгіме барысында алдағы уақытта жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі, оның ішінде, қырғыз басшысының Қазақстанға сапары талқыланды.