Хабар телеарнасы

Шымкентте өзен қызыл түске боялды

Шымкентте бұлақ көзінен бастау алатын Қошқар ата өзені қан қызыл түске боялды. Жергілікті тұрғындар ластанған өзенді ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Экологтар осы жағдайдан соң судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр. Зертханалық талдау қорытындысы 1-2 күнде белгілі болады. Ал әзірге полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша кінәлілерді іздестіріп жатыр. Табиғат жанашырлары Бадам, Қара су, Қошқар ата өзеніне құятын арнаға сүзгі қою туралы бастама көтерген.

Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:
- Алдын ала болжам бойынша қазіргі уақытта «Аммоний құрамдарының» превышениесі болып тұр. Қан ба, бояу ма әлі анықталған жоқ. Оны әлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, полиция жұмылдырылған. Кез келген өзенге түсетін жаңбыр қар суларына тазалау қондырғылары қойылуы керек. Әкімшіліктің өздеріне алған міндеттемесі бар.