Қазақ журналистикасының абызы, қаламгер Нұртілеу Иманғалиұлының құрметіне Атырауда көрме өтті

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері, қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры, «Алтын жұлдыз» иегері марқұм Нұртілеу Иманғалиұлының өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі екені анық. Айдың аяғына дейін жалғасатын көрмеге журналистің кітаптары, фотокамералары мен тұтынған жеке заттары қойылған. 

Қарлығаш Советбекқызы, Н.Иманғалиұлының зайыбы:
-Бұл көрменің мақсаты артынан ерген жас журналистерге үлгі болсын, Нұртілеу тұтынған әрбір затты көрсе, естеріне түсе ме деген мақсатта. Бұл енді өмірінен, шығармашылығынан, қолжазбаларынан 200-ге тарта экспонаттар қойылған. Осы Атырау өңірінің адамдары келіп, танысуына болады.