Хабар телеарнасы

Атырау облысында Сарайшықтың орнын тасқын судан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр. Индер ауданында су деңгейі 10 метр 19 сантиметр, Махамбет ауданында 927 сантиметрге жетіп, қауіпті межеден асты. Облыс орталығында Жайық өзенінің деңгейі- 531 сантиметр. Қазір Махамбет ауданындағы көне Сарайшық қаласының орнын тасқын судан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 58 сарбаз, 14 ТЖД қызметкері, сондай-ақ Сарайшық мемлекеттік тарихи музей қорығының мамандары жағалауды бекіту жұмыстарына жұмылдырылған. Археологиялық қазба орнының жалпы аумағы 6000 шаршы метрге жуық. 

Айбек Тұрарұлы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы:
-Қазір елді мекендер қорғаумен бірге біздер осы Сарайшық, ортағасырлық Сарайшық орындағы қазба орындарын қорғау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жалпы мынау жағалау аймағында бес қазба орналасқан. Оның жалпы аумағы шамамен 6000 шаршы метрдей болады.

Жанат Кенжеғалиева, Сарайшық ауылының әкімі:
-Қазіргі таңда 17 техника жұмыс жасап жатыр. 58 солдат көмекке келді. Тарихи жер, енді сол жерді қапшықпен бара алмайтын жерлерге қапшық қаптап, нығайтып жатырмыз.