Хабар телеарнасы

Жылыой ауданындағы тасқын су мен ауызсудың құрамы бақылауда

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары бүгінге дейін ауызсудан 100-ден аса сынама алған. Ахуал тұрақты. Ал тасқын судан алынған 6 сынаманың екеуінен қауіптің жоқтығы анықталды. Қалғаны зерттеліп жатыр.

Ахан Мырзағалиұлы, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының эпидемиолог дәрігері:
- Көшкін сулардан алынған сынамалар Атыраудағы ұлттық сараптама орталығының филиалына жіберіледі. Сол жерде вирусологиялық зертханалар жүргізіледі. Халыққа қауіпті әсер жоқ. Жұқпалы аурулардың, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бөлінген жоқ.