Хабар телеарнасы

Су нысандарын тексеру қажет

«Еліміздегі жерасты суларын толығымен зерттеп, бақылайтын мекеменің болғанын ғалымдар да құптайды. Себебі бір ғана «Қазгидромет» бұл жұмысты еңсере алмай отыр»,— дейді. «Сондай-ақ кезінде жекеменшікке өтіп кеткен су құрылымдарын да қайта тексеретін уақыт жетті. Себебі сол нысандардың дені апаттық жағдайда тұр»,— дейді техника ғылымдарының докторы Оразхан Қарлыханов. 

Оразхан Қарлыханов, техника ғылымдарының докторы:
-Апаттың барлығы кішігірім, яғни мынау 3-4 категориялы өзінің жаңағы талаптары төмен су қоймаларында болып жатыр. Бөгеттерде болып жатыр. Жаңағы жарылып жатқандар да. Әрине, оған дер кезінде жөндеу жұмыстары, бекіту жұмыстары жасалынбаған. Міне, нәтижесі осындай. Енді осы бағыттағы жұмысты тек қана министрлік емес, мынау коммуналдық меншіктегі және жекеменшіктегі су құрылымдарын толығымен бір жылдың ішінде осы тасқыннан кейін қайтадан толығымен тексерістен өткізу керек.