Хабар телеарнасы

Шымкентте қызғалдақ гүлдеді

Шымкентте қала символы саналатын қызғалдақ гүл ашып, айналаның ажарын аша түсті.

Егін маусымында саябақтар мен орталық көше бойына миллион түп қызғалдақ тұқымы себілген. Сонымен қатар 40 мың шаршы метр жерге шафран, шырайгүл, барқытгүлі егілген.  Қазір сол голландық сұрыптағы сары, қызыл, және ақ түсті гүлдердің көбі жайқалып тұр.

Жарылқасын Машбек, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Біздің басты назарымызда – қаланың кіреберіс қақпалары. Әуежайдан бастап, вокзалдың аумағын қарасаңыздар болады. Қазір қызғалдақтан бастап жайқалып тұр. Қызғалдақ бұл Шымкент қаласының символы болып есептеледі.