Хабар телеарнасы

Шымкентте кене шаққан 17 адам медициналық көмекке жүгінді

Шымкентте үш айда кене шаққан 17 адам медициналық көмекке жүгінді. Зардап шеккендердің денсаулығы қалыпты. «Биыл қансорғыштар жылдағыдан ерте ояна бастады»,- дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері.

Қазір кенелерге зертханада тексеріліп жатыр. Алғашқы қорытындысы белгілі болады. Әзірге Конго-Қырым қанды қызбасының қоздырғыштары анықталмаған.

Балкүміс Мұсаева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Біз жылда осы зоологиялық топ осы кенелерді жинап, зерттеу үшін лобороторияда тексеріп, бақылау жұмыстарын жүргізіп жатады. Биылдың өзінде 180 кене теріліп, тексерген кезде осы Конго-Қырым қанды қызбасының қоздырғышы анықталмады.