Хабар телеарнасы

Қостанай облысының екі ауданында және Арқалықта төтенше жағдай жарияланды

Қостанай облысының Амангелді және Жанкелді аудандарында және Арқалық қаласында төтенше жағдай жарияланды. Қарғын су жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша осы өңірде су басқан жерлерден құтқарылғандардың саны 500-ге жуықтады. Көмекке Қазавиақұтқару, Қарағанды әскери бөлімі, облыстық Шекара қызметі мен Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері де жұмылдырылды. Аймақта әлі де судан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.