Хабар телеарнасы

Зағип жандарға арналған инновациялық бағдарлама қолданысқа енді

Елімізде көру қабілеті нашар азаматтарға арналған экранды дыбыстап қазақ тілінде оқып беретін инновациялық бағдарлама қолданысқа енді. Бұрын зағип жандарға тек орыс және ағылшын тілінде ғана смартфоннан дыбыстық бағыт берілетін. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми орталығының бастауымен отандық IT мамандары, осы саланың қызметкерлері жобаны іске асырған.

Дегенмен қазір тек  Android жүйесінде тегін қолдануға мүмкіндік бар. Ал iOS жүйесіне жақын арада қосылады.

Айта кеткен жөн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, елімізде көру қабілеті бұзылған 160 мың азамат бар. Оның 85 мыңға жуығы ресми тіркелген.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Құлыптан ашу үшін экранды екі рет басыңыз. Осының барлығы болашақта қазіргі азаматтарға оқуға, білім алуға, жоғарғы деңгейдегі білім алуға, жалпы мектептің ішіндегі ақпаратты қазақ тілінде ватцап, басқа да желілер арқылы бір-бірімен бөліскен жақсы деп ойлаймын. Осыған мен қатты қуанамын.