Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында бидай мен жоңышқа егу басталды

Биыл мал азығы дақылдарының көлемі 2 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Қызылордалық шаруалардың минералды тыңайтқыш сатып алуға жұмсаған қаржысының 60% мемлекет есебінен субсидияланады. Бірақ бұл жеңілдік тек отандық зауыттардың өнімін тұтынушыларға арналған. Дегенмен бұл жүйеге қосылғысы келмейтін шаруалар да субсидиясыз қалмайды. Алайда оның мөлшері 50% аспайды.

«Мұндай мемлекеттік қолдау әсіресе шағын шаруашылықтар үшін тиімді және отандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған», - дейді мамандар.

Жүсіпбек Әжібеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай мәселесі шешілді. Облысқа мемлекет тарапынан арзандатылған 12,9 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, оның осы ақпан айына бөлінген 3,5 мың тоннасына өңірге белгіленген төрт оператор арқылы бүгінгі таңда облысқа жеткізіліп, шаруашылық құрылымдарына әр литрін 250 теңгеден