Хабар телеарнасы

Риддер қалың қар құрсауында қалды

Қаладағы коммуналдық қызмет өкілдері екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшкенімен, нәтиже жоқ. Аумағы 70 мың шаршы шақырымға тең Риддерді қардан тазалауға 13 техника жетпей жатыр.

Мамандардың айтуынша, 10 күн ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түскен. Салдарынан қала ішіндегі жолдар мен аулалар қар астында қалды. Тұрғындар болса шағым айтып, жергілікті әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған. 

Анна Васильева, Риддер қаласының тұрғыны: 
- Әкімдік жұмысына көңілім толмайды. Көшелерді қардан тазарту жұмыстары сылбыр.

Рауан Құрметұлы, Риддер қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
- Біз табиғаттың мұндай тосын сыйына дайын болмадық. Қар 15 күн бойы тоқтамай жауды. Соның кесірінен коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысы қиындап кетті.