Хабар телеарнасы

Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады

Келесі жылы Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады. Қазір өндіріс ошағының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорынның бас директоры Ким Де Кидің сөзінше, бастапқы кезеңде Sorento, Sportage және Cerato модельдері шығарылады. Аймаққа жұмыс сапарымен Премьер-Министр Әлихан Смайылов зауыттың құрылысымен танысты. Үкімет басшысы бүгінде отандық машина жасау саласы, оның ішінде автомобиль өнеркәсібі жақсы дамып келе жатқанын айтады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде 148 мың автокөлік шығарылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30% артық. Одан соң Премьер-Министр «Allur» зауытында «Chevrolet Оnix» автокөлігінің өндірістік жоспарымен танысып, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «АгромашХолдинг KZ» орталығына да барды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Қазір бізде машиностроениеде өндіріс үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 6400 комбайн мен трактор шығарылды. Ол алдындағы жылмен салыстырғанда 20% көп.