Хабар телеарнасы

2025 жылға дейін Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады

Елордада өткен брифингте аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Әкімнің айтуынша, олардың жалпы сыйымдылығы – 46 млн текше метрден асады. Қазірдің өзінде үшеуінің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек тағы бірнеше гидротехникалық нысанның жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ суармалы су көлемін ұлғайту үшін 100 астам ұңғыма қазылыпты. Алдағы жылдары тағы 500 аса құдық пайда болмақ.

Айта кетейін, биыл Жамбыл облысында су тапшылығынан 400 жуық шаруа қожалығының егістік алқаптары зардап шеккен болатын.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі: 
- 2027 жылға халықаралық институттардың қаржылық қолдауымен 361 су нысаны қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыстың 6 ауданында каналдарды қайта құру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті алдағы жылдары қазіргі 85%-дан 50% дейін төмендетуге жоспарлап отырмыз.