Хабар телеарнасы

Өскеменде хостелдер тексерілді

Электр желілерінің тозуы, апаттық шығу есіктерінің жабық күйде болуы мен желдету жүйесінің жұмыс істемеуі. Өскемен қаласының қонақүйлері мен хостелдерінде жүргізілген арнайы рейд барысында осы сында олқылықтар анықталды. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері кәсіпкерлерді бұл үшін жауапқа тарта алмайды. Айыппұл салу үшін демалушылар тарапынан шағым түсу керек. Сондықтан мамандар ескертумен шектелуге мәжбүр. Бүгінде Өскеменде 11 жатақхана мен қонақүй типіндегі 10 хостел заңды түрде жұмыс істейді. Ал бейресми дерек бойынша, олардың саны әлдайқайда көп. 

Нұржан Өміржанов, облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
- Көшіру жолдарының бөгеттелуі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының толық жабдықталмауы және өрт сөндіру жүйесінің істен шығуы. Бұл хостел иелерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді, анықталған бұзушылықтар бойынша кеңес берілді.