Хабар телеарнасы

Алматыда 8-сынып оқушысы автобустың жолаушыларын құтқарып қалды

Алматы облысында 8-сынып оқушысы баcқарусыз қалған автобусты тоқтатып, жол-көлік апатының алдын алды.

Өтеген батыр кентінде қоғамдық көлікке мінген Ақжол Нұрланұлы жүргізушінің кенеттен жағдайы нашарлағанын байқап, дер кезінде шұғыл әрекет еткен. Тежегішті басып, көлікті тоқтатып үлгерген. Автобус үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге соғылуы мүмкін еді. Жүрек талмасы ұстаған көлік жүргізушісі қазір ем қабылдап жатыр. Ақжол - №24 мектеп-лицейінде оқиды, көпбалалы отбасының тұңғышы. Облыс әкімі батыр балаға алғысын айтып, бағалы сыйлық тарту етті.

Ақжол Герой, 8-сынып оқушысы: 
- Барып алдына қарай водительдің аяғын газдан алып, тежегішті басып, автобусты тоқтаттым. Мен енді болашақта полиция қызметкері болғым келеді. Адамдарға көмектесіп,ерлік жасағым келеді.