Хабар телеарнасы

Абай облысындағы Бақты кеден бекетінде уақытша шектеу қойылды

Абай облысындағы Бақты кеден бекетінде жеке тұлғалардың өткізілуіне уақытша шектеу қойылды. Себебі мұнда 10 қарашадан бастап жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай тарапының келісімімен 30 күндік визасыз режим енгізілген болатын. Осыған байланысты мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде халықтың қатынау қарқыны күшейеді деп күтілуде.