Хабар телеарнасы

Елордада теңгенің 30 жылдығына орай көрме ашылды

Елордада ұлттық валютамыздың 30 жылдығына орай арнайы көрме ашылды. Жиынға Ұлттық Банк қызметкерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, шетелдің дипломатиялық өкілдіктері қатысты.

Сарапшылардың айтуынша, 1990 жылдары нарықтық экономикаға көшкер кезде төл теңгеміздің рөлі маңызды болған. Оның дизайнын шетелден білім алып келген қазақтың жас қыз-жігіттері жасапты. Кейіннен халықаралық сарапшылар ақшаның дизайны мен сапасын жоғары бағалаған. Бүгінгі көрмеге теңгенің алғашқы үлгілері, инвестициялық және коллекциялық монеталар қойылды. 

Ғалым Байназаров, ҚР Ұлттық Банкінің алғашқы төрағасы: 
- Мемлекеттік мүлікті жекеге өткізіп жаттық. Кез келген реформа үшін үлкен қаражат керек. Одан шығу оңай болған жоқ. Біз бірден түсіндік, одан шығатын жол біздің төл теңгемізді жасап, өзімізді-өзіміз басқаруға көшуіміз керек. Оның сыртында саяси, басқа мәндер бар. Лондонда желтоқсан айының ортасында теңгенің символ экземплярына қол қойып, өндіріске енгіздік.