Хабар телеарнасы

Риддер қаласынан 13 жапон жауынгерінің зираты табылды

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан 13 жапон жауынгерінің зираты табылды. Зерттеу барысында ол жерге екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен сарбаздар жерленгені анықталған. Бұл ақпаратты қазақстандық және жапондық сот медициналық сарапшылары растап отыр. 12 қазанда жауынгерлер сүйегі Токиодағы ұлттық қорымға қайта жерленеді. Еске салайық, 1945 жылы жапон әскери тұтқындары КСРО аумағына жол, үй, зауыттар мен су электр станцияларын салу үшін арнайы жіберілген. Тек Өскемен, Риддер, Зырян қалаларына 15 мыңнан астам тұтқын жеткізілген көрінеді. Іздеу жұмыстары жалғасын таппақ. 

Мизуочи Тошиэй, Жапон жауынгерлерінің зиратын іздеу жөніндегі қауымдастықтың президенті:
-Біздің ұйымның іздеу топтары әртүрлі елдерде жұмыс істеп жатыр. Пандемия кезінде екі жылдай зерттеуді тоқтатуға тура келді. Қазір шекара ашық, шетелде қаза тапқан қандастарымыз, әскери тұтқындарды іздеп жатырмыз. Көмек қолын созған қазақстандық ғалымдарға айтар алғысымыз шексіз.