Хабар телеарнасы

Елдегі 100 жуық арнайы мектеп жаңартылады

«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бұған қаржы бөлмек. Бүгінде Астанадағы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 2 арнайы мектептің оқу сыныптары жаңартылды. Бұған қордан 73 млн теңге жұмсалды. Нәтижесінде логопед, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті, слесарь-ұста шеберханалары, акт залы мен спортзал заманға сай етіп, қайта жабдықталды.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы: 
- Біз алдымен арнайы мектептерді жарақтандыруды қолға алдық. Сонымен қатар облыс, аудандарда оңалту орталықтарын құрып жатырмыз. Аудандық деңгейде 16 оңалту орталығын салудың саламыз. Барлық өңірді қамтығымыз келеді.