Хабар телеарнасы

Ақтауда электр энергиясы шектеумен беріліп жатыр

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүргізіліп жатыр. Жылу электр станциясы мен  №1 және №3 энергоблок таяу күндері қалпына келеді. Соның бірінде тоқ өндіруші ротордан күрделі ақаулық табылған. Түзетілген соң генераторға қайта жалғанады. Ал №1 нөмірі энергетикалық блокта экрандық құбырлар дәнекерленді. Сосын гидравликалық сынақтар жүргізілмек. Еске сала кетсек, 11 тамыз жылу электр станциясында апат болып, салдарынан комбинаттың электр қуатын өндіру қабілеті 545 мегаваттан 245-ке дейін төмендеген. Елді мекендерге тоқтың шектеумен беріліп жатқанына үшінші тәуліктен асты.

Сәкен Заманов, жылу электр станциясының ауысым басшысы:
-Қазіргі уақытта №1 энергоблоктың оң жақ бөлігінде әртүрлі диаметрлі құбырлар ауыстырылып жатыр. Жылу электр станциясы жұмысын қалпына келтіруге жөндеу зауытының екі бірдей цехының қызметкерлері тартылған. Дәнеркерлеп-монтаждауы тәулік бойы үзіліссіз жалғасуда. Табылған ақаулықтарды тез арада түзетуге бар күшімізді салып жатырмыз.