Хабар телеарнасы

Ұлытаулық жиһанкез әлемді жаяу аралап шығуға ниетті

Жезқазғандықтар Сәрсенбай Қотырашовты саяхатқа шығарып салды. Жасы 73-ті алқымдаған қария былтыр Қазақстанды жаяу жүріп өткен еді. Ендігі меже — жер шарын бағындыру. 17 000 шақырымды құрайтын сапар екі жылға жоспарланған. «Дүниежүзін жаяу аралаудағы ең басты мақсатым — салауатты өмір салтын насихаттау және әлем жұртын бейбітшілікке шақыру»,— дейді жиһанкез.

Сәрсенбай Қотырашов, жиһанкез:
-2 тамыз Атыраудан жаяу шығамын. Атырау-Астрахань-Дагестан-Чечня-Грузия-Турция. Турцияның Анкара қаласында және Ыстамбул қаласында боламын. Бұл — жер шарын аралаудың бірінші бөлімі. Екінші бөлімін Алла қуат берсе келесі жылы бастаймын.