Хабар телеарнасы

Үкімет ауыл медицинасын жаңғырту мақсатында ұлттық жобаны қолға алды

Шалғай елді-мекендердің тұрғындары медициналық көмек алу үшін облыс орталықтарына сабылмауы керек. Ауыл медицинасын жаңғырту мақсатында Үкімет ұлттық жобаны қолға алды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, алдағы 2 жылда 655 медициналық нысан бой көтереді. Онда физиотерапия кабинеті, дәріхана, фельдшерлік-акушерлік және дәрігерлік амбулаторияларды қамтитын заманауи медициналық бекеттер орналасады. Сондай-ақ инсульт және кардиологиялық орталықтар, оңалту, травматология, ортопедия, хирургия, жан сақтау бөлімшелері ашылады. Медициналық нысандарға 1 мың 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарда бар.