Хабар телеарнасы

Алматыда Jiger әскери-далалық жиындары өтеді

Оған 24 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген жастар қатыса алады. Сондай-ақ ол алматылық болуы тиіс. Жиын барысында қатысушылар әскери өмірмен, жауынгерлік техникамен және қару-жарақпен танысады. Жаттығу Алматыдағы әскери-техникалық мектебі филиалында және 73 652 базасында өткізіледі. Жиын екі кезеңнен тұрады. Оған бастапқы әскери дайындық және әртүрлі әскери мамандықтар бойынша дайындық кіреді. Яғни кәсіптік техникалық мамандықты игеріп шығады. Ең бастысы далалық жиын аяқталған соң әскери билет беріледі.

Жасұлан Қуандық, қалалық студенттер альянсының директоры:
-30 жасты 40 күндік әскерге тегін дайындықтан өтетін болады. Бітіргеннен кейін міндетті түрде қолдарына әскери билетін қоса алып шығады. Бұл жастарға мемлекеттің тарапынан жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп білем. Себебі жұмыссыз жастардың 40 күндік әскерді төлеуге шынын айту керек шамалары келмеуі мүмкін. Осында мемлекеттік қолдау нәтижесінде жастар әскерге барып, әскери жұмысқа деген қызығушылығы артып жұмыспен де қамтылып қалар деген ниеттеміз.