Хабар телеарнасы

Қаза болған орманшылардың отбасыларына баспана берілетін болды

Абай облысында қаза болған орманшылардың отбасыларына баспана берілетін болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов айтты. «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден төленетін болады.
Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Оған қоса біржолғы әлеуметтік төлемақы қарастырылған. Сонымен қатар марқұмды жерлеуге біржолғы төлем беріледі.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады. Оған қоса қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету үшін арнайы қор құрылды.