Хабар телеарнасы

Көлік салығын төлеу мерзімі 3 күннен соң аяқталады

Әйтпесе сот орындаушылары тарапынан мәжбірлеу шаралары қолданылады. Атап айтқанда борышкерлердің мүлкі мен банк шоттары бұғатталып, елден шығуға шектеу қойылады. Қазір елде ресми тіркелген 4 млн астам көлік бар. Жүргізушілердің көлік үшін төлеуі тиіс салығы 14 млрд теңгеге жуықтаған. Әсіресе елорда мен алматылық темір тұлпар иелерінің мемлекет алдындағы берешегі 1,5 млрд теңгеден асады. 

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі: 
- Биылғы жылы 1 сәуір сенбі күніне сәйкес келгендіктен, ол 3 сәуірге ауыстырылады да, яғни азаматтардың салық төлеуге 3 сәуірге дейін уақыты бар. Қазіргі уақытта ел азаматтары үшін салық төлеудің барынша оңтайландырылған түрлі тәсілдері бар. Мысалы, азамат егер банкке баруға, үйден шығуға немесе жұмыстан шығуға уақыты болмаса, онда ол мобильді қосымшалар арқылы қазіргі уақытта МКК-нің «Е-салық азамат» деген қосымшасы бар. Сол арқылы немесе банктердің kaspi.kz, Home bank банкінің мобильді қосымшалары арқылы төлей алады.