Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында битум сапасы тексерілді

Мәселен, Маңғыстау облысында мамандар 200-ге жуық тексеру жүргізіп, жол битумынан сынамалар алған. Олардың кейбірі техникалық талапқа сәйкес келмегендіктен, сараптама қорытындысы битум шығаратын жергілікті зауытқа жолданды. Өткен жылы жалпы ұзындығы 11 мың шаршы метрден астам жол тексеріліп, 29 ақау анықталған. 

Хамзат Сұлтанов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиалының директоры:
-Жол битумының сапасын үнемі тексеріп отырмыз. Былтыр облыс көлеміндегі жолдарда 185 рет тексеру шарасы өтті. 1500-ден аса сынама алынды. Соның 202-сі нормативті құжаттарға сәйкес келмей шықты. Сондай-ақ 29 ақау табылды. Бақылау рейдтерінің нәтижесі қызметтік хат түрінде жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға жолданды.