Хабар телеарнасы

Құсбегілік федерациясы биылғы жылды нәтижелі қорытындылады

Бауырлас Қырғыз еліндегі Халықаралық додада біздің бүркітшілер 1 және 2 орынды қанжығаға байласа, ителгі сайысынан да жүлделер бұйырған. Ал елімізде мұндай іс-шараның 7-еуі ұйымдастырылған. Тіпті алғаш рет құсбегіліктен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада бас жүлде өзіміздің қоржынымызда қалыпты. Бұның сыры, біздің құсбегілерде тектілік пен ептіліктің салмағы басым болды дейді бапкерлері.

Берік Уәли, «Құсбегілік» федерациясының президенті: 
- Осы бағытта жұмыс жүргізе береміз. Алда жұмыстарымыз көп. Құсбегілердің жарысқа жету мәселесі. Жолда, қоғамдық көлікте, темір жолда, әуе жолда күнтәртібінде сол мәселелерді қарастырдық. Арнайы осыны үкіметке жеткізу, өзгеріс енгізу мәселелерін ортақ талқылап, бір шешімге келгендей болдық.