Хабар телеарнасы

БҚО-да волонтерлардың бастамасымен ресейліктер үшін автобус қатынай бастады

Ал такси жүргізушілері бұл сомадан 2-3 есе қымбат бағаға қызмет көрсетіп жүр. Шетелдіктер шаһарға жеткен соң, жатын орын таппай сенделуде. Жергілікті тұрғындар олардың кейбірін өз үйіне паналатып жатыр. Ал кинотеатр әкімшілігі кино залында 200-ге жуық адамның түнеуіне рұқсат берді. Сонымен қатар балалар туризмі және экология орталығының базасы да қонақ үйге айналған. Мұнда да 200-ге жуық ресейлік азамат орналасты. Олар әр тәулікке ақы төлеп тұрады. Орталық әкімшілігі өткен демалыс күндерінен бастап балаларға қосымша білім беруді уақытша тоқтатты. 

Антон, Ресей азаматы:
-Жергілікті тұрғындар біздің осы орталыққа жайғасуымызға көмектесті, транспортпен де қамтыды. Жатын орын таппай қиналған едік. Оларға алғыс білдіремін.

Аян Махбуов, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының міндетін атқарушы:
-Екі корпус 100 орыннан – 200 орындық. Одан асып келіп жатса, бізде орын жоқ, сондықтан қабылдай алмаймыз. Жас мөлшері сол 18-20 шамасынан 35 дейін көбі.