Хабар телеарнасы

«KitapTime - 2022» жалпыреспубликалық кітап фестивалі басталды

Тың жоба аясында «Әр қазаққа – бір кітап» акциясы бастау алды. Акцияға қаламгерлер қолдау білдіріп, өз кітаптарын Ұлттық кітапханаға табыстады. Шара аясында кітап көрмелері, авторлық кездесулер, моноқойылымдар, интеллектуалды ойындар сияқты көптеген мәдени шаралар өткізілді.

Армен Гевондян, Арменияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: 
-Ең алдымен бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Мұндай шаралар әдебиет, поэзия, мәдениет арқылы халықтарды біріктіреді. Біз кітап арқылы кім екенімізді, қайда бара жатқанымызды, біздің түбіміз кім екенін бағамдаймыз. Біз қазақтың әдеби, мәдени әлемімен Абай мұрасы, Абай тағылымы арқылы жақсы таныспыз.