Хабар телеарнасы

Оңтүстік өңірдегі тозған арналар судың жеткізілуін тежеп отыр

Ауыл шаруашылығы жерлері үшін оңтүстік халқы суды жарты ғасыр үздіксіз жұмыс істеп тұрған Қызылқұм арнасынан алуға мәжбүр. Осылай деген халық қалаулысы Әли Бектаев Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Республика бойынша ағын су бағасының соңғы 2,5 жылда 3-4 есе көтеріліп кетуіне себеп болған «Қазсушар» республикалық-коммуналдық кәсіпорны шетелден алған қарыздарын шаруалардың есебінен су тарифіне қосу арқылы өндіру үрдісін тоқтатып, келеңсіз жағдайға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарастыруды, Қарашық өзенінің суын топтастыратын сыйымдылығы 3,2 млн текше метр су қоймасын салуды ұсынамыз.