Хабар телеарнасы

Петропавлда тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын емес

Көптің көңілі күпті. Өйткені қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Мердігер компанияға сұрақ көп. Құжат рәсімделген, пәтерлер сатылған, бірақ құрылыс жұмыстары аяқталмаған. Су тартылмаған, ауласы да абаттандырылмапты. Дегенмен жауаптылар кемшіліктерді ай соңына дейін реттейміз деп сендірді.

Серік Жанпейісов, қала тұрғыны:
-2020 жылы біз 30% ақша төледік те сатып алдық. Жылы су жоқ. Ыстық суға қосылуға рұқсат алынған жоқ жылу желісінен. Үй салған кісі: «Әне болады, міне болады», — деп айтады. Бірақ болмай жатыр. 

Әміржан Шәкей, құрылыс компанияның директоры:
-Ыстық су жылумен бірге беріледі. Бөлек берілмейді. Құжаттарымыз әлі дайын емес. Сол құжаттарды дұрыстап жатырмыз, қазіргі уақытта. Жылу желісі бар құжаттарымызға ескерту берген. Енді ескертулерді жөндеп жатырмыз.