Хабар телеарнасы

Елімізде әр отбасының цифрлық картасы құрылады

Жүйеде әр азамат экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй, денсаулық жағдайлары және білімі бойынша 5 санатқа бөлінген. Осы мәліметтер негізінде қажетті қолдау шаралары анықталады. Сонымен қатар eHealth жүйесін енгізу де талқыланды. Бұл азаматтардың электрондық денсаулық паспортын қалыптастырып, пациенттердің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отырыста бесінші буындағы 5G ұялы байланыс стандартын енгізу мәселесі қаралды. Жақын арада тиісті радио-жиіліктерді бөлу бойынша ашық аукцион өтеді.