Хабар телеарнасы

Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды

Тексеру барысында бұл Әл-Фараби даңғылынан жоғары Бағанашыл ықшам ауданы екені анықталды. Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті адам табылды. Ол 54 жастағы ер адам. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі: 
-Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан. Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.