18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Алматыдағы «Қызыл кітапқа» енген емен ағашына төнген қауіп сейілмей тұр

  • Категория: Қоғам
Алматыдағы «Қызыл кітапқа» енген емен ағашына төнген қауіп сейілмей тұр

Шаһарда 23 мыңнан аса еменнің бірқатарына кірме зиянкестер зақым келтіріп жатыр.

2017 жылы пайда болған зиянкес бес жылда осы ағаштардың 40% зақымдаған екен. Қазір қала әкімдігі мен арнайы институт мамандары бірлесіп күрес жүргізуде. Нәтиже бар, дегенмен зиянкесті толық жою мүмкін болмай тұр.

Алматыдағы ең кәрі еменнің жасы 300 жылдан асады. Үш ғасырдан бері жайқалып желді күні пана, ыстықта сая болған алып ағаш қазір №109 балабақшаның аумағында тұр. Күтімі жақсы болса, емен ағашы мың жылға дейін жасайды екен. Бірақ төнген қауіп күшейсе, бұл да қурап кетуі мүмкін. Еменнің үңгі егеушісі жапырақты жеп тастайды. Зиянкес 2013-2015 жылдары қырғыз елінде пайда болған. Содан кейін 2017 жылы Алматыда анықталып, бес жылда қаланың «Қызыл кітапқа» кірген емендерін біраз зақымдап үлгеріпті. Арнайы институт пен қала әкімдігі бірлесіп,  бесжылдық тұрақты күресті қолға алған.

Нұрлан Құтыбаев, қалалық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкері:
- Бізде жасыл желектерді дәрілеу жұмыстары 4 кезеңнен тұрады. Сәуір айының соңынан басталып тамыздың соңына дейін жалғасады. Қазір дәрілеу жұмыстары тек түнгі уақытта жүргізіледі. Өйткені түнгі уақытта әсер ету көрсеткіші жоғары. Негізінен биологиялық дәрілер пайдаланылады.

Нәтижесінде қаладағы емен ағашының зақымдану көрсеткіші 15% дейін азайған. Алайда зиянкестерді толық жоюға олардың топырақ астындағы өміршеңдігі мен облыс бойынша таралып кетуі кедергі келтіріп отыр. «Қазір Алматы облысындағы емендер түгел зардап шеккен», – дейді мамандар.

Гүлназ Меңдібаева, «Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин» ҒЗИ зертхана меңгерушісі:
- Олар топырақта 5-6 жылға дейін қор болып сақталады, сондықтан жылда екіден бір бөлігі шығуы мүмкін. Солай шығуына байланысты жылда ерте көктемде олармен күресу шараларын бастау керек. Яғни мамыр айында төрт рет тұрақты мониторинг жүргізіп, қоршаған ортаға келтірмейтін биологиялық препараттарды қолданып жатырмыз.

Басқа ағаштардың да бабын жасау керек. Қазір Алматыда 2,8 млн жасыл желек бар. Оның 500 мыңнан астамы әлсіреп, 84 мыңы жарамсыз күйге жеткен. Жалпы ағаштарға қауіпті 30 түрлі зиянкестің 60% шетелден әкелінген. Әр ағашты дәрілеу үшін бюджеттен жылына 42 теңге бөлінеді.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов, Кенже Амраев

Сондай-ақ...