21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Алматыда «Балаларға теңізде демалуды сыйла!» қайырымдылық шарасы басталды

  • Категория: Қоғам
Алматыда «Балаларға теңізде демалуды сыйла!» қайырымдылық шарасы басталды

Ыстық құм мен теңіз суы – сал ауруына шалдыққан балалар үшін таптырмас ем.

Сондықтан «Жетістік аумағы» қоғамдық бірлестігі «Балаларға теңізде демалуды сыйла!» атауымен қайырымдылық шарасын бастады.

Гидротерапия – сал ауруына шалдыққан балаларды емдеудің ең кең таралған әдістерінің бірі. Бірақ жай сумен шомылу бір бөлек, тұзды теңізде шомылу бір бөлек. «Мұндай суда дене салмағы бірнеше есе азаяды, ал жүктеме барлық бұлшықетке біркелкі бөлінеді», – дейді «Жетістік аумағы» орталығының мамандары. Мұндай оңалту шаралары балаларға айтарлықтай нәтиже береді.

Әсел Нурдинова, көпбалалы ана:

- Теңіз жағалауында өтетін ем балаларға жақсы. Теңіздің ауасы өте пайдалы. Суда қаншама минерал бар, ол да балалардың ағзасына өте пайдалы. Біз бір жыл бойы ем алу үшін бассейнге барып жүрдік. Сол кезде менің қызым тәбеті өзгеріп, ұйқысы тынышталды. Жүрмейтін болғаннан кейін оларға әрдайым қимылдау керек.

Дәл осы себепті орталық «Балаларға теңізде демалуды сыйла!» қайырымдылық жобасын бастады. Ұйымдастырушылар әзірге он баланы аналарымен бірге жіберуді жоспарлап отыр. Алайда қаражат қолбайлау. Қазір бар болғаны 1,5 млн теңге жиналды.

Рымгүл Утепова, қоғамдық бірлестіктің жетекшісі:

- Оңалту бағдарламасы гидросауықтыру тізбегінен тұрады. Сабақ ашық теңіз кеңістігінде, бассейнде өтеді. Сондай-ақ құм терапиясы да бар. Бұл ұсақ моториканы дамытады. Балалардың эмоциясына бағытталған арт-терапияны іске қосқымыз келеді. Балалар сауықтыру ғана емес, сонымен қатар демалыс форматында психологиялық қолдау алады.

Әзімжан Исаев, «Жетістік аумағы» орталығының қызметкері:

- Оған логопедтік массаж, логопедияның өзі кіреді. Содан кейін жаттығу терапиясы, механотерапия, сонымен қатар аппараттық және қол терапиясын қамтиды. Мұнда бәрі кешенді және онда жұмыс істейтін әрбір маман осы балаға әсер ететін белгілі бір тапсырма мен функцияны пайдаланады.

«Жиналған қаражат тек әуе билеттерін сатып алуға жұмсалады», – дейді ұйымдастырушылар. Балалардың ата-анасымен барып тұратын баспана мәселесі шешіліп қойған. Түркиядағы риэлторлық компания балаларды теңіз жағасындағы үйлерге тегін орналастыруға дайын.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Әбен Нарымбаев

Сондай-ақ...