05:02Эфирде: Телесериал «Акварели»
07:00Әрі қарай: Оян!
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

СҚО-да маралдар мен еліктер егістікті таптап жатыр

  • Категория: Қоғам
СҚО-да маралдар мен еліктер егістікті таптап жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында маралдар мен еліктер диқандарға тыным бермей жатыр.

Жабайы жануарлар мыңдаған гектар егістік алқаптарын таптап, егіннің шығуына мүмкіндік берер емес. Жылда осындай қиындыққа тап болатын шаруалар оларды атуға рұқсат берсін, не басқа жаққа көшірсін деп дабыл қағуда.

Ризығын жерден табатын Солтүстікқазақстандық диқандар марал мен еліктің көбейгеніне қуанбайды. Себебі сайын даланың серкелері егінге түсіп, шаруаларды әбден әлекке салған. Олар әсіресе Есіл ауданында орналасқан қорық маңындағы егістік алқаптарын жаппай бүлдіріп жатыр.  

Біржан Гайсин, шаруа:

- Маралдардан кейін бірдеңе алуға болады. Доңыздан кейін түк те алмаймыз. Олар қазып тастайды. Олар отбасымен жүреді. Отбасында 20 болады. Түбінде адамдарға да шабуыл жасауы мүмкін, шауып та жатыр. Ендеше атуға рұқсат берсін.

Қазір шарулар «Қызыл кітапқа» енген жануарларды емес, керісінше олардан  қорғануға мәжбүр. Себебі астықты жеп, таптап, тіпті қара жерді жарамсыз етеді екен. Салдарынан шаруалар қып-қызыл шығынға батады.

Серік Жанапинов, шаруа:

- Астықтың жартысын жеп қойды. Біз көктемде қалтамыздан қаржы шығарып, топыраққа минералды тыңайтқыштар себеміз. Бірақ күзде өнімділік 4-5 есеге дейін төмендеп кетеді. Пайда болмаса, қажеті не?

Қорықтың қоршауы бұзылып, соңғы бірнеше жылда жөнделмеген. Салдарынан жануарлар егістік алқаптарды жайылымға айналдырған.

Аманжол Маекенов, шаруа:

- Ерте кездері қорық аумағы қоршаулы болатын. Қазір міне, не болып жатқанын көріп тұрсыздар. Жабайы жануарлар сыртқа шығып, егінге түсуде. Тіпті көрші аудандарға да жеткен. Мәселені көтеріп жүргенімізге бірнеше жыл болды, бірақ шешімі жоқ.  

Аумақта жабайы жануарлардың көбейіп бара жатқанын жауаптылар да мойындап отыр. Дегенмен оларды атуға рұқсат жоқ. 

Николай Гусельников, қорық директоры:

- Біз оларды қамауда ұстамаймыз. Тек қыс мезгілінде қолдан қоректендіреміз. Негізінен бұл мәселені шешу үшін оларды басқа облыстарға көшіру керек. Көктемде санақ жүргізіп, біз 1400 бас марал, 1900-елік және 337 дала доңызы бар екенін анықтадық.

Қазір сайын даланың серкелерін басқа өңірге көшіру үшін арнайы жоба қолға алынды. Енді бұл мақсатқа  қанша қаражат қажет екені есептелетін болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Сондай-ақ...