Хабар телеарнасы

«IMB Центр» халықаралық орталығының қолдауымен PetrolValves S.p.A мен Merlion Development Group компанияларының бірлескен жобасы ашылды

PetrolValves S.p.A

Жобаны PetrolValves S.p.A – энергетика саласына арналған технологиялық шешімдердің жетекші компаниясы және Merlion Development Group бірлескен кәсіпорын «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС арқылы жүзеге асыруда. Инвестицияның жалпы көлемі 3 млрд-тан астам теңгені құрады.

Салтанатты ашылу рәсімі ірі мұнай-газ операторларымен Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған Халықаралық орталық «IMB Орталығының» қолдауымен өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Есқалиев Ғ.Н., Италия Республикасының ҚР Елшілігінің, Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері, стратегиялық партнерлер KPO, NCOC, TCO және Total E&P Dunga, сондай-ақ басқа да мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары мен итальян бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Зауытта 40-тан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «PetrolValves Kazakhstan» ЖШС технологиялық орталығы қазақстандық және өңірлік мұнай-газ және энергетика өнеркәсібін қолдайтын, ел ішінде жоғары технологиялық клапандар шығаратын, сондай-ақ сапасы жоғары толық техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсететін болады.