Хабар телеарнасы

Мұхтар Шаханов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Мұхтар Шаханов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Дәл осындай атақты Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовқа берген еді.

Шәмшіні халқымыз «қазақ вальсінің королі» деп қадірлейді. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге кеңінен танымал. «Әйгілі композитор мен атақты ақынның достығы барша жұртқа үлгі», – деді Президент.